logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Astana оқушылары республикалық ғылыми конкурсында I орын иеленді

15 желтоқсан 2025 10:31

Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған
«Ғылым және Тәуелсіздік: болашаққа бағдар» атты республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Қолданбалы математика секциясы бойынша өз жобаларын сәтті қорғаған:
🥇 Алтай Ақжан (жеке жұмыс)
🥇 Оразбек Юсуф (жеке жұмыс)
жүлделі I орынға ие болды.

Оқушылардың ғылыми жетекшісі, математика пәні мұғалімі Токанова Назерке Оразбековна жас зерттеушілерді жоғары деңгейде дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бұл жетістік — табанды еңбектің, жүйелі ізденістің және ғылымға деген шынайы қызығушылықтың айқын көрінісі.
Жас ғалымдарымызға алдағы уақытта да толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!