Жаңалықтар
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық Bayan Sulu Hackathon 2026 хакатоның ұйымдастырды
21 мамыр 2026 10:39
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық Bayan Sulu Hackathon 2026 хакатоның ұйымдастырды
Хакатонның орталық серіктесі, бас демеушісі және кейс-серіктесі ретінде «Баян Сұлу» АҚ қолдау көрсетті. Компания қатысушыларға нақты бизнес-кейстер, жүлде қоры, тәтті сыйлықтар ұсынып, сондай-ақ үздік шешімдерді компанияның цифрлық экожүйесіне енгізу мүмкіндігін қарастыруға мүмкіндік берді.
Bayan Sulu Hackathon 2026-ға қатысу үшін барлығы 135 команда тіркеліп, 400-ден астам мектеп оқушылары мен студенттерді біріктірді. Жобаға деген жоғары қызығушылық жастардың IT, кәсіпкерлік, цифрлық әзірлеме және бизнестің практикалық мәселелерін шешу салаларына белсенді араласып келе жатқанын көрсетті.
Хакатон жастар арасында IT-құзыреттерді, өнімдік ойлауды, кәсіпкерлік дағдыларды және практикалық тәжірибені дамытуға бағытталды. Жобаның ерекшелігі — қатысушылар абстрактілі тапсырмалармен емес, ірі қазақстандық компанияның нақты сын-қатерлерімен жұмыс істеді. Командалар цифрлық шешімдердің толыққанды MVP-нұсқаларын, прототиптерін, презентацияларын, демо-нұсқаларын және бизнес-негіздемелерін әзірледі.