logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Astana мектебінде «Зерттеу – білім берудегі өзгерістер драйвері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

26 мамыр 2026 11:13

Конференция барысында қатысушылар білім беру ортасын дамытудың заманауи тәсілдерін, оқыту сапасын арттырудағы зерттеу жұмыстарының рөлін, сондай-ақ мектептегі білім беру жүйесіне инновациялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады. Әсіресе функционалдық сауаттылықты дамыту, цифрлық трансформация және оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция жұмысы жеті тақырыптық секция бойынша ұйымдастырылды. Сонымен қатар, конференция аясында постерлік сессия өтіп, педагогтер өздерінің зерттеу жобаларын, авторлық әдістемелері мен практикалық кейстерін таныстырды. Қатысушылар білім беру үдерісін жетілдіруге және оқыту тиімділігін арттыруға бағытталған педагогикалық зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.

Конференция кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.