logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Astana-ның жас өнерпаздары желілік «InnovArt: Болашақ өнері» желілік арт-фестивалінің «Мюкзикл» бағыты бойынша жеңімпазы атанды

06 маусым 2026 05:41

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас өнерпаздары желілік «InnovArt: Болашақ өнері» желілік арт-фестивалінің «Мюкзикл» бағыты бойынша жеңімпазы атанды

Арт-фестиваль – NIS жүйесіндегі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, өнер арқылы өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі. Фестиваль еліміздің түкпір-түкпірінен келген 242 оқушының басын қосты.

Биыл қатысушылар мюзикл, әлеуметтік бейнеролик, Sand Art және қолөнер бағыттары бойынша өз бақтарын сынады.

Мюзикл бағытында оқушылар жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, музыка, театр, хореография және вокалды ұштастырған сахналық қойылымдарын ұсынды.

Сондай-ақ, «Sand Art» бағыты бойынша Сейлин Елгезекова «Шабыт» сыйлығын
иеленді.