Жаңалықтар
NIS Астана қызметкерлері желілік Спартакиадада жүлделі орындарға ие болды
17 маусым 2026 10:54
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында NIS педагогтері мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі желілік Спартакиада өз мәресіне жетті.
Биыл он алтыншы рет ұйымдастырылған ауқымды спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 18 команда қатысып, 300-ге жуық қызметкер өзара бақ сынады.
Желілік Спартакиада салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және NIS қауымдастығы арасындағы әріптестік байланысты нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын, табандылықтарын және нағыз командалық рухтарын көрсетті. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын қорғаған қызметкерлеріміз де үздік нәтижелерге қол жеткізіп, футбол, шахмат және садақ ату спорт түрлері бойынша жүлделі III орындарды иеленді.
Әріптестерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!