logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Астана оқушылары республикалық WRO 2026 робототехника олимпиадасында топ жарды

22 маусым 2026 10:50

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық World Robot Olympiad (WRO) 2026 робототехника олимпиадасында үздіктер қатарынан көрініп, 2026 жылғы желтоқсан айында Пуэрто-Рикода өтетін халықаралық WRO финалында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 286 оқушы робототехника, бағдарламалау және инженерлік жобалау бағыттары бойынша бақ сынап, халықаралық финалға жолдама алу үшін өз жобаларын таныстырды.

Биылғы маусымның тақырыбы – «Robots Meet Culture». Осы идея аясында қатысушылар мәдениет пен технологияның тоғысын көрсететін жобалар ұсынып, робототехника арқылы тың шешімдер әзірледі. Оқушылар RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттары бойынша жарысты.

RoboSports санаты бойынша 1-орынды «RobotNIS» командасы иеленді. Команда құрамында Мирас Аланов пен Ерболат Ешмуханбетов өнер көрсетті. Жетекшісі – Гүлбану Аманбек.

Future Innovators Senior санаты бойынша 1-орынды «XLNC» командасы (Ақнұр Дидарқызы, Іңкәр Ермекқызы, Тоғжан Қабдолда) жеңіп алды. Сонымен қатар, осы санатта 2-орынды «MIT» командасы (Бекжан Бақыт, Асығат Иран, Қалиақбар Баймұқан) иеленді. Жетекшісі – Алуа Алиева.

Оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Жаһандық додада ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!