logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектеріне аттестат табысталды

14 шілде 2026 23:22

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 159 түлегіне жоғары мектепті аяқтағаны туралы аттестаттар салтанатты түрде табысталды

Салтанатты жиында мектеп директоры Құралай Тлеубердіқызы жас түлектерді маңызды белеспен құттықтап, олардың өмір жолында батыл қадам жасап, мектептен алған білімдері мен құндылықтарын ел игілігіне жұмсайтын саналы азамат боларына сенім білдірді.

Биыл мектептің 6 түлегі «Алтын белгі» иегері атанса, 36 оқушы үздік аттестатқа ие болды.

Сонымен қатар, International Baccalaureate Diploma Programme (IBDP) бағдарламасы бойынша 17 оқушы 45 мүмкін ұпайдың 40 және одан жоғары нәтижесін көрсетіп, халықаралық деңгейдегі жоғары дайындықтарын дәлелдеді.

Сәт сапар, жас түлек! Армандарың асқақ, жолдарың ашық болсын! 🎓

Фотогалерея

image-
image-
image-