logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Astana мектебі «Future Minds Hackathon 2026» хакатонын өткізді

10 қыркүйек 2026 09:30

5 қыркүйек күні Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-10 сынып оқушылары «Future Minds Hackathon 2026» хакатонын ұйымдастырып, белсенді қатысты.

Ұйымдастырушылар командасының құрамында 10 сынып оқушылары Абдрахманова Алима мен Мурат Инкар, 9 сынып оқушылары Бровко Радмир, Сабырали Абикаев, Абдикарим Сабина болды.

Хакатонға барлығы 90 команда қатысып, олардың ішінен үздік 18 команда жартылай финалға жолдама алды. Байқау қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған командалар EcoFin және Social Impact бағыттары бойынша жүлделі орындарға ие болды.

1-орын – EcoFin

«Рыбаеж» командасы: Боранова Айдина, Дуйсен Каусар, Кайырбек Нурбек, Кожахмет Алдияр.

2-орын – Social Impact

IBeasts командасы: Марс Ернар, Султанмахмуд Куатбаев.

3-орын – EcoFin

Alpha Team командасы: Ержанулы Ерасыл, Ержанов Айсултан.

Фотогалерея

image-
image-