Жаңалықтар
NIS Astana мектебінде «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында «Поэзия падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті
13 қазан 2026 17:00
7-сынып оқушылары қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, сыршыл ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығынан сыр шертіп, ақынның өмірі мен әдеби мұрасын таныстырды.
Әдеби кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру, поэзияға қызығушылығын ояту және қазақ ақындарының шығармашылық мұрасын дәріптеу.