logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Конкурс жөнінде хабарлама

Конкурс жөнінде хабарлама

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2027 – 2028 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау және конкурсты өткізу мерзімдерін жариялайды.

Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23-қараша мен 28-желтоқсан (қоса алғанда) аралығында:

  • eGov.kz веб-порталы арқылы тәулік бойы 2026 жылғы 23-қараша сағат 09:00-ден бастап 28-желтоқсан сағат 18:00-ге дейін, техникалық үзілістерді қоспағанда;

  • Назарбаев Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.


Кешенді тест 2027 жылғы 26, 27 наурыз күндері өтеді

Кешенді тесттің өту мерзімі

Тест

Тесттің ұзақты-лығы

Кешенді тесттің нәтижесі

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі

26 наурыз

2027 жыл

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті:
- Математика

- Сандық сипаттамалар

- Жаратылыстану

120 минут

Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі

Жұмыс органымен

шығарылады

27 наурыз

2027 жыл

Тілдік тест:
- Қазақ тілі
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі

120 минут