Хабарландырулар
Жатақханадан орын беру үшін құжаттарды қабылдау басталды
Құрметті ата-аналар!
Атырау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына 2026–2027 оқу жылына жатақханадан орын беру үшін құжаттарды қабылдау екі ағымда жүргізілетінін хабарлаймыз.
Бірінші ағым: 2026 жылғы 1 маусымнан 12 маусымға дейін.
Екінші ағым: 2026 жылғы 18 тамыздан 24 тамызға дейін.
Оқушының заңды өкілі жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, https://otinish.nis.edu.kz/ платформасы арқылы жатақханаға өтініш береді.
Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесімен https://schools.nis.edu.kz/ru/school/nzm-atyrau?ysclid=mpc70ya8js296953784 сайтында таныса аласыздар.
Бейне нұсқаулық: https://youtu.be/1rNFJvxkH3Y
Сұрақтар бойынша поштаға жазуыңызға болады: blyasheva_v@atr.nis.edu.kz