logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Атыраудағы NIS-те Халықаралық реаккредиттеу жұмыстары басталды

04 сәуір 2025 18:10

Атыраудағы NIS-ке CIS Халықаралық мектептер кеңесінің өкілдері арнайы табан тіреді. Белгіленген талаптар бойынша әр бес жыл сайын мектеп халықаралық стандарттарға сәйкестікті растауы тиіс.

Австралия, Ұлыбритания, Ирландия, Әзірбайжан, Индонезия, Италия, Өзбекстаннан арнайы келген Mark Brookes, Stuart May, Aiden McCoy, Elnur Nazaraliyev, Mariana Martini, Naima Nosirova, сондай-ақ, Sardorbek Rislikboyev алдағы бес күн бойы Атыраудағы NIS тынысымен толық танысып, мектептегі оқу-тәрбие, сыртқы және ішкі бағалау, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, қауіпсіздік және мектеп қауымдастығының миссиясы мен перспективаларына шолу жасайды.

Бүгін CIS мүшелеріне алдымен мектептің негізгі қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Кейін мектеп жатақханасының оқушылары оларды өздерінің сан түрлі жетістіктерімен, жатақхананың қызу тыныс-тіршілігімен, қазақтың ұлттық қолөнерімен, ұлттық тағамдармен, ұлттық киімдермен, сондай-ақ ұлттық ойындармен таныстырды.

Еске салсақ, 2017 жылдың қарашасында Атыраудағы NIS CIS Халықаралық мектептер кеңесінің сараптамасынан өтіп, аккредитацияланған болатын. Бұл жолы Халықаралық мектептер кеңесі жоспарға сай белгіленген межелерді орындау және даму көрсеткіштеріне қатысты реаккредитацияны растау жұмыстарын жүргізеді.