Жаңалықтар
Халықаралық реаккредиттеу жұмыстары жалғасуда
08 сәуір 2025 14:45
Атыраудағы NIS-ке арнайы келген CIS Халықаралық мектептер кеңесінің өкілдері реаккредиттеу жұмыстарын сәтті жалғастыруда.
Бүгін олар таңғы жиыннан кейін пән бірлестіктері жетекшілерімен жүздесті. Одан әрі мектеп парламенті ұжымымен бірге мектеп ішіне экскурсия жасады. Ғимаратты толыққанды аралап, таныс болған соң, «A», «B», «E», «C» домендерінің мүшелерімен кездеcіп, арнайы бөлінген домендердің негізгі қызметтерімен жіті танысып, кураторлық сағаттар мен күнделікті сабақтарға қатысты.
Сондай-ақ, мектептің қосымша білім педагогтары даярлаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Би, вокал, домбыра, хор үйірмелеріне қатысушы оқушылар сахна төрінде өз таланттарын көрсетті.
Әсіресе, Атыраудағы NIS-тің басты ерекшелігі боп саналатын көлеңке театры шетелдік эксперттерге ерекше әсер қалдырды.