logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«NIS Project Fest»: ғылыми жобалар додасы

08 сәуір 2025 18:19

Атыраудағы NIS-те дәстүрлі «NIS Project Fest - 2025» ғылыми жобалар байқауы басталды.

«NIS Project Fest» – Атырау қаласындағы NIS бастамасымен ұйымдастырылған бірегей жоба. Түрлі бағыттағы ауқымды ғылыми жобалар жарысы биыл екінші мәрте өткізілуде.

Биыл Атыраудағы маңдайалды мектептердің ең талантты оқушыларының басын біріктірген шарада 156 ғылыми жоба бақ сынауда. Жас ғалымдардың жұмысы түрлі ғылыми тақырыптарды қамтыған, ауқымды, маңызды жобалар екендігіне бүгін күні бойы куә болдық.

Екі күн бойғы қызу тартыс ертең өз мәресіне жетпек. Кімнің жобасы мықты – сол жеңімпаз. Әрбір қатысушы өз білім ордасының үкілі үмітін арқалап кеп отырғаны айқын. Ендеше, үміткерлерге сәттілік тілейміз!