Жаңалықтар
Озат оқушылар марапатталды
09 сәуір 2025 10:10
Атыраудағы NIS-те оқу жылының 3-тоқсан қорытындысы бойынша белсенді әрі үздік оқушыларды жетістіктерімен марапаттау шарасы өткізілді.
Анығында, 3-тоқсан қорытындысы бойынша «Үздікке үміткер», одан соң «Үздік оқушылар» марапатталды.
Сондай-ақ, республикалық «Дарын» ғылыми жобалар конкурсының 1-дәрежелі дипломы иегері Жануя Жарас, «FIRST Robotics Almaty» халықаралық байқауының 3-орын иегері NIS Atyrau робототехника командасы, Astana IT университеті бастамашы боп ұйымдастырған «AITU Kaz RoboDrone» халықаралық дронрейсинг сайысының іріктеу кезеңінен 1-дәрежелі орын иеленген Алтаир Кушалиев, «ШАБЫТ жұлдызы» облыстық фестивалінде «Үздік фоторепортаж» аталымын иеленген Санжар Шайхатолла, «Үздік қысқаметражды фильм» аталымында жеңіске жеткен Қуаныш Аманбай да назардан тыс қалмай, сахна төрінде марапат иеленді.
Әр тоқсан сайын оқуда озат атануға ниеттеніп, белсенлділік танытатын оқушылар қарасы көбейіп келеді. Барша жеңімпаз оқушыларымызды мерейлі сәттерімен құттықтаймыз!