logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«NIS-пен бірге оқиық»

10 сәуір 2025 10:04

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ осы жылдың наурыз айынан бастап «NIS-пен бірге оқиық» жаңа жобасын бастаған болатын.

Мектеп қауымдастығы, ата-аналар және оқушылардың қазақ тіліндегі түрлі көркем әдебиеттерді оқып, талқылап, рухани жан-дүниесін кеңейтуіне, тілдік қорларын байытып, ойлау қабілетін арттыруларына, қазақ халқының рухани қазынасын меңгерулеріне мұрындық болып, мүмкіндік сыйлауды мақсат еткен жоба аясында Атыраудағы NIS-тің 8 «B» сыныбы оқушылары «Қажымұқан» кітабын ата-аналармен бірге оқып, талқылады.