Жаңалықтар
Халықаралық аккредиттеу ісі қызу жалғасуда
11 сәуір 2025 11:12
CIS Халықаралық мектептер кеңесінің мүшелері алдымен мектеп оқушылары ұсынған «Бір бауырсақ – бір мақал» жобасына қатысты.
Ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, ұлттық күйімізді тыңдап, рухани құндылықтарымызға бізбен бірге бойлаған олар кейін мектеп қызметі туралы ұжым мүшелеріне кері байланыс берді.
Білім беру саласының халықаралық эксперттері алдын ала пайымдаулары бойынша Зияткерлік мектеп қызметі халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылып жатқандығын жеткізіп, зияткер оқушылардың білім көкжиегіне, тәлім-тәрбиесіне, қоғамға ашықтығына оң кері байланыстарын берді. Ал, негізгі бағалау қорытындысы жуық арада ресми түрде жарияланатын болады.