Жаңалықтар
«Менің кіші Отаным»
14 сәуір 2025 12:21
Аталған жоба аясында Атыраудағы NIS-тің 9-сынып оқушылары ұстаздарымен бірге Жайық жағалауына, «Ақ Жайық» табиғи резерватына арнайы барды.
Бұл тиімді сапар арқылы оқушылар Жайық өзенінің экологиялық және географиялық ерекшеліктерін зерттеп, топырақ пен судың құрамына үңілді. Лакмус қағаздары, термометр, рефрактометр, мензурка мен пробирка құралдары арқылы шағын зерттеулерін жасап та үлгерді.
Ал, «Ақ Жайық» табиғи резерватында олар өлкемізге тән жануарлар мен құстардың, флораның ерекшеліктерімен етене танысып, өңір табиғатына терең зер салды.
Кейін оқушылар өз түйгендерін бір минуттық бейнеролик арқылы жеткізуге тырысты.