Жаңалықтар
«Қазақ киносы – қазақ тарихы»
16 сәуір 2025 16:06
Атыраудағы NIS-те аталған дәстүрлі жоба бұл жолы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналмақ.
Басты мақсат – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырларының есімдерін насихаттау, батырлар рухын дәріптеу.
Яғни, NIS оқушылары Ұлы Отан соғысы туралы қазақстандық кино туындылармен танысып, көрерменге насихаттайды.
Жоба екі түрлі этаптан тұрады. Алғашқысында әр шаңырақ өкілдері өздеріне бөлінген кино туындыны қарап, өзара талқылайды. Екіншісі – әлеуметтік желілер арқылы мектеп ішіне, көпшілікке таныстырып, туындыны жастар арасында көруге насихаттау. Сәйкесті түрде, ең сәтті шыққан «Үздік ұсыныс» та анықталатын болады.