logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Қоғамға қызмет» жалғасуда

17 сәуір 2025 17:18

«Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында «№29 Нұрсая» бөбекжай-бақшасының бір топ бүлдіршіндері Атыраудағы NIS-ке экскурсияға келді. «Оқжетпес» шаңырағының оқушылары оларды қарсы алып, мектеп ғимаратымен таныстырды.

Экскурсия барысында химия, физика, биология пәндері бойынша қызықты тәжірибелер көрсетілді. Бүлдіршіндер ерекше қызығушылықпен тыңдап, өздерінің әсерлерімен бөлісіп, дайындалып келген өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ, зияткер оқушыларымызға академиялық білімдері бойынша тәжірибе таратқаны үшін балабақша атынан алғыс хат табысталды.