Жаңалықтар
Шахмат жарысынан жүлдегер атанды
25 сәуір 2025 12:31
Жуырда Талдықорған қаласында ҚР оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен шахмат турнирі өткізілді.
Оған Атыраудан арнайы барып қатысқан Атыраудағы NIS командасы 9-11 сынып оқушылары арасындағы тартысты додадан жүлделі 3-орынды иеленді.
Ал, 7-8 сынып оқушылары мамыр айында Астана қаласында өтетін кіші топ турнирінде бақ сынамақ. Оларға сәттілік тілейміз! Ал, жеңімпаз команда мен жетекшілері Самат Утегеновті ұжым атынан құттықтаймыз!