logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушылар «Теңізшевройл» компаниясына барды

25 сәуір 2025 12:32

Атыраудағы NIS-тің 10-11 сынып оқушылары «Теңізшевройл» компаниясына барып, Computer Science бағыты бойынша таныстырылым тағылымдамасынан өтті.

Сапар барысында оқушылар ақпараттық технологиялар саласының негізгі бағыттарымен танысып, IT мамандарының жұмысы жайлы мағлұмат алды. Сонымен қатар, ірі халықаралық компаниядағы жұмыс процесін өз көздерімен көріп, серверлік инфрақұрылыммен танысты. Деректерді сақтау мен өңдеу жүйелері туралы да тың ақпараттар берілді.

Компания өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Мұндай кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын анықтауына үлкен септігін тигізеді. Болашақта олардың бірі біздің командамыздың мүшесі болуы мүмкін», – деді «Теңізшевройл» компаниясының IT департаментінің өкілі.

«Теңізшевройл» компаниясына жылы қабылдауы, мазмұнды бағдарламасы және болашақ IT мамандарының дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.