Жаңалықтар
Бірлік күні тойланды
30 сәуір 2025 16:36
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атыраудағы NIS-те мерекелік шара ұйымдастырылды.
Кеш барысында оқушылар түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, әлем халықтарының билерін билеп, ойындар ойнады.
Ерекше мейрамда достық пен татулықтың жарқын көрінісіндей түрлі мәдениеттердің өрнегі бейнеленді. Әр ұлттың биі мен әні, салт-дәстүрі таныстырылып, оқушылар мен ұстаздар мерекенің маңызын сезіне түсті.
Бұл мереке – бірлігі бекем, татулығы мығым елдің келешегі кемел екенін айқындайтын күн. NIS ұжымы достық пен өзара түсіністіктің құндылығын дәріптей отырып, жас ұрпақтың бойына толеранттылық пен ұлтаралық сыйластықты сіңіруге ерекше мән беріп келеді.