logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық конференциядан жүлделі болды

14 мамыр 2025 11:12

Жуырда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Открой в себе ученого» атауымен XII халықаралық ғылыми-инновациялық конференция ұйымдастырылған болатын.

Оған Атыраудағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Аңсаған Қабделова химия және медицина секциясы бойынша «Cу тазартуға арналған AnsaAqua фильтрі» атты жұмысымен онлайн қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. Сондай-ақ, Аңсағанның жобасы арнайы жинаққа енді.

Жүлдегер оқушымыз бен оның жетекшісі Дариға Катенқызын кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!