Жаңалықтар
Халықаралық химия пәні олимпиадасына қатысты
15 мамыр 2025 14:21
Атыраудағы NIS-тің 11-12-сынып оқушылары халықаралық деңгейдегі химия пәні олимпиадасына қатысты.
Дәстүрлі олимпиадада мектебіміздің оқушылары екінші жыл бақ сынауда. Биыл басты ұйымдастырушылар – Канададағы Waterloo университеті ұжымы. Ал, мектеп деңгейінде әділ әрі ашық түрде өтуін қадағалау химия пәні бірлестігі ұстаздарының құзырында болды.
Бұл өте қиын деңгейдегі олимпиада болғанымен, жеңімпаз оқушыларға түрлі дәрежедегі гранттар ұтып алу мүмкіндігі қарастырылған. 13 оқушы ішінен кімнің бағы мен бабы қатар шауып, грант иегері атануы мүмкін? Бұл сауалға алдағы екі апта ішінде жауап табылмақ.