Жаңалықтар
“Күй күмбірі”
21 мамыр 2025 14:54
Атыраудағы NIS-те әйгілі күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай “Күй күмбірі” атты дәстүрлі бірыңғай домбыра сабағы өткізілді.
Оқушылар жыл бойы ойнап үйренген түрлі күйлерін тартып, өнерлерін ортаға салды. Алдымен домбыра сыныбының ұстазы Ануар Зинеденов оларды Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстырып, арнайы бейнебаяндар көрсетті.
Кейін оқушылар кезекпен әйгілі композитордың “Аққу”, “Жекпе-жек”, “Бала Мишка”, “Ата толғауы”, “Махамбет”, “Әлқисса” күйлерін тартты.
Күмбірлі күй өнерінің тұғыры қашан да биік. Ешқашан аласармайды.