Жаңалықтар
Біздің оқушылар — ұйымдастырушылар мен төрешілер рөлінде!
26 мамыр 2025 11:12
Atyrau first off-Season байқауын ұйымдастыру комитеті мен төрешілер алқасы ретінде қызмет еткен оқушыларымыздың арқасында сәтті өтті деп мақтанышпен хабарлаймыз.
Олар іс — шараны өткізу үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алды. Атап айтқанда логистикадан бастап командалардың өнерін бағалауға дейін. Бұл олардың жетілуін, көшбасшылық қабілеттерін және жоғары дайындық деңгейін көрсететін құнды тәжірибе болды.
Сонымен қатар, маусым қорытындысы және халықаралық жарыстарға қатысу бойынша біздің команда Dubai FIRST off-Season — бүкіл әлемнің ең мықты командаларын біріктіретін беделді іс-шараға шақыру алды! Балаларды құттықтаймыз және алдағы жарыстар мен жобаларға сәттілік тілейміз!