logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Түлектер Доссорлық достарына “Өсиетін” жеткізді

27 мамыр 2025 17:15

NIS жүйесінде наурыз айында тағы бір игі бастама пилоттық негізде жүзеге асырылған болатын. Ол – түлектер ассоциациясының бастамасымен қолға алынған “Osiet” жобасы.

Басты мақсат – тірек мектептер оқушыларына бағыт-бағдар беріп, арман-мақсаттарын жүзеге асыруға, өмірден өз ойып алар орнын адаспай табуға көмектесу, оларды қолдау, дос болу. Осы мақсаттың бір бөлігін бүгін Атыраудағы NIS түлектері де орындады.

Олар Мақат ауданы Доссор кентіндегі Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектепке арнайы барып, ізбасар іні-сіңлілерімен жүздесті.

Кездесу негізінен үш бағытты қамтыды: профориентациялық бағдар беру, психологиялық кеңес және ағылшын тілін тез үйрену құпиялары. Әр спикер өз тәжірибе қоржынымен бөлісіп, қызықты кейстар арқылы аталған мектептің 90-ға жуық оқушысына пайдалы тренингтер, түрлі ойындардан тұратын тимбилдинг өткізді.

“Osiet” арқылы талай шалғай ауыл баласы өз потенциалын ашып, өзін жіті тани түсуде. Бүгінгі кездесу соның бір көрінісі болғандай.