logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Түлектер мектеп қабырғасындағы соңғы қайырымдылық шарасын өткізді

28 мамыр 2025 10:02

“1 маусым – балаларды қорғау күніне” орай 12 “А” сыныбы “Қоғамға қызмет ету” жобасы аясында “Аналар үйі” бүлдіршіндеріне және өз аналарына арнап балалар ойын алаңына сертификаттар ұсынып, олармен бірге ойнап, бір сәт балалықпен қоштасқандай болды.

Бұл іс-шара 12-сынып оқушыларының мектеп қабырғасындағы ең соңғы қайырымдылық шарасы болатын.

Мектеп кезеңі бойларына мықтап сіңіріп берген жылы жүректілік пен мол мейірім түлектерге үлкен өмірге басқан қадамдарында да сенімді серік болады деген сенімдеміз.