Жаңалықтар
“NIS Challenge - 2025” зияткерлік ойыны ұйымдастырылды
29 мамыр 2025 17:48
Атыраудағы NIS-те “NIS Challenge” зияткерлік ойыны сәтті тәмамдалды. Дәстүрлі зияткерлік ойынды NIS Alumni қауымдастығы ұйымдастырған еді.
Түлектер мен оқушылардың басын біріктірген ерекше шара арқылы түлектер қамсыз балалық шаққа, мектеп кезіне қайта оралып, айрықша әсерге бөленді.
Бұл жолғы ойынға бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде ғана емес, шет мемлекеттерде де білім алып, қызмет етіп жүрген 10 түлек қатысты. 10 командаға бөлінген олар мектеп оқушыларымен бірге құрама командалар ретінде бірігіп, сан қилы бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, уақыттарын өте пайдалы әрі көңілді өткізді.
Жеңімпаз командалар түрлі сыйлықтармен марапатталды. Дәстүрлі дода өз жалғасын таба бермек.