Жаңалықтар
Халықаралық конференциядан жеңімпаз атанды
02 маусым 2025 11:33
Атыраудағы NIS-тің 8 ұстазы Румыниядағы Ұлттық химия және мұнай химиясы ғылыми-зерттеу институты – ICECHIM ұйымдастырған NeXT-Chem халықаралық онлайн конференциясына қатысып, өз жобаларын таныстырды.
NeXT-Chem конференциясы – химия саласындағы мұғалімдер мен зерттеушілердің басын қосатын, озық технологиялар мен жобаларды ортаға салатын беделді халықаралық ғылыми шара.
Бұл – мектебіміз үшін де, тұтастай Қазақстан үшін де үлкен жетістік әрі мақтаныш. Ұстаздарымыз халықаралық деңгейде өз зерттеулерін таныстырып, еліміздің атын асқақтатты.
Әсіресе білікті ұстазымыз Дариға Катенова“Арнайы жүлде” номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алып, өзінің жаңашыл, креативті жобасы арқылы мектебіміздің абыройын әлемге танытты.
Барлық белсенді ұстаздарымызды айтулы жетістіктерімен ұжым атынан құттықтаймыз!