Жаңалықтар
Дәстүрлі жазғы мектеп қызметі басталды
03 маусым 2025 09:45
Атыраудағы NIS-те жазғы мектеп жұмысы биыл да сәтті әрі белсенді жалғасуда. Қызыққа толы шаралар легі бастау алды.
Жазғы мектеп оқушыларға өз бойындағы қызығушылықтарын дөп басып, тіпті, сүйікті пәндеріне қатысты көкейде жүрген көп сауалдарын ұстазға ашық жолдау үшін де таптырмас мүмкіндік алаңына айналып отыр.
Мұнда оқушылар сан түрлі іспен шұғылданды: түрлі пәндер бойынша қызықты дәрістерге қатысты, аулаға түрлі тақырыптағы суреттер салды, ән айтып, тау халқының биін билеп, әртістік қабілеттерін арттырды.
– Біз бағдарламаны әдеттегіден тыс қылуға тырысамыз. Бүгін оқушылар экологиялық таза, еш қоспасыз ермексаз жасап үйренді. Дайын болған ермексаздан өсімдік пен жануар жасушаларының моделін жасады. Қызығушылықтары арта түскенін қойған сауалдарынан байқадым, – дейді биология пәнінің ұстазы Луиза Сандыбева.
Оқушыларды ертең де түрлі қызыққа толы бағдарлама күтуде.