logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Атыраудағы NIS-те жазғы мектептің қызыққа толы күндері жалғасуда

04 маусым 2025 09:25

Ағылшын тілі ұстаздары 7-сынып оқушыларымен өте қызықты және танымдық ойындар өткізді. Алдымен олар шағын топтарға бөлініп, әр топ өздеріне бір категорияны таңдап алды. Сол категорияға байланысты сөзді топтың бір мүшесіне ауызша түсіндіріп, оның дұрыс табуына көмектесті. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлеу дағдысы мен топта жұмыс жасау қабілетін арттырды.

Содан кейін есте сақтау қабілетін дамытуға арналған Memory Game ойыны ойналды. Оқушыларға сурет көрсетіліп, оны 1 минут бойы мұқият бақылау тапсырылды. Уақыт аяқталған соң, суретке қатысты түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы олардың қаншалықты ақпаратты есте сақтай алғаны тексерілді. Бұл ойын зейін мен назарды шоғырландыруға септігін тигізді.

Ал, информатика пәні бойынша оқушылар OpenScad бағдарламасында әр түрлі үш өлшемді объектілерді жасауды үйреніп, автокөліктің 3Д моделін жасады.

Ал, химия сабағында табиғи жолмен сабын жасап, оны гүлдерден алынған түрлі эфир майларын қосу арқылы хош иістендіруді үйренді.

Пәндердің барлығы да күн сайын түрлі тақырыпта, тәжірибеге толы танымдық сабақ түрінде жүргізілуде.

Сондай-ақ, хор үйірмесінде оқушылар хорда ән айту ережелерімен, негізгі терминдермен танысып, дауыс жаттығуларын жасады. Ал, музыка пәнінде қазақтың ұлттық аспаптарынан бастап классикалық құралдарға дейінгі түрлі аспап түрлерімен жіті танысты. Медиа-студияда оқушылар бейнетаспаны өңдеудің негіздері жөнінде дәріс алып, оны дайындау бойынша практикалық жұмыстарға белсене қатысты.