logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

“Үкілі домбыра”: ұлттық өнер ұлықталған күн

05 маусым 2025 15:36

Атыраудағы NIS-те ерекше рухани кеш өтті. «SUPER STAR» халықаралық шығармашылық байқауының «Аспапты жанр» номинациясы бойынша Гран-при иегері Заур Азаматұлы көрерменге арнап өзінің алғашқы «Үкілі домбыра» атты шығармашылық концертін ұсынды.

Кеш шымылдығы көркем бимен, күмбірлі күймен ашылып, көрерменді қазақтың қоңыр үніне бөледі. Концерттің ең әсерлі сәттерінің бірі – Заурдың өзін домбыра өнеріне баулыған қадірлі ұстаздарымен бірге күй тартып, сахнада өнер көрсетуі болды. Бұл көрініс – ұстаз бен шәкірттің рухани үндестігін, өнер арқылы сабақтасқан жүрек байланысын айшықтады.

Залда жиналған қонақтар, ата-аналар мен ұстаздар Заурдың талантына, шеберлігіне тәнті болып, жиі-жиі қошеметпен қол соқты. Ұлттық өнерді дәріптеп, домбыраның үнін ұрпақ жүрегіне ұялата білген кеш көпшілікке рухани серпіліс сыйлады.

«Үкілі домбыра» – жас өнерпаздың кеші ғана емес, ұлттық мұрамыздың жарқын көрінісі болғаны сөзсіз.