Жаңалықтар
Жазғы мектеп – жаңа мүмкіндіктер алаңы
05 маусым 2025 16:22
Атыраудағы NIS-те жалғасып жатқан жазғы мектеп бағдарламасы оқушылар үшін әр күнін қызықты әрі мазмұнды етуге бағытталған. Бүгінгі күн де олар үшін пайдалы сабақтар мен шығармашылық сәттерге толы болды.
Түрлі пәндер бойынша ұйымдастырылған сабақтарда оқушылар білімдерін тереңдетіп қана қоймай, тақырыпты тәжірибе арқылы ұғынуға мүмкіндік алды. Жаңа форматтағы интерактивті әдістер, топтық тапсырмалар мен шығармашылық жобалар балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар, түрлі бағыттағы үйірмелер де қызу жұмыс істеді. Оқушылар музыка, театр, робототехника, сурет өнері сияқты салаларда өзін сынап көріп, шығармашылық әлеуетін дамытты. Бұл – олардың бойындағы жасырын қабілеттерді ашуға үлкен сеп.
Жазғы мектеп оқушылардың жан-жақты дамуына, жаңа дүниелерді зерттеп, еркін ойлап үйренуіне бағытталған. Мұнда әр бала өзінің қызығушылығына сай бағыт тауып, пайдалы білім мен жағымды эмоцияға бөленуде.