Жаңалықтар
«Туған елге тағзым» дәстүрлі жобасы басталды
09 маусым 2025 09:28
Атыраудағы NIS-те дәстүрлі «Туған елге тағзым» жобасы бастауын алды.
Зияткер оқушыларды еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше өлкелермен етене таныс қылып, бойларындағы рухани құндылықты, патриотизмді, туған елге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамытуды мақсат тұтқан ерекше жоба биыл да жалғасын тауып жатыр.
Бұл жолы киелі Атырау топырағына Алматы және Петропавл қалаларының оқушылары табан тіреді.
Оларды Атыраудағы NIS оқушылары мен ұжымы ыстық ықыласпен, қуанышты көңіл күймен күтіп алды.