Жаңалықтар
Әсерлі күннен – әдемі естелік
11 маусым 2025 23:21
“ТЕТ-2025” қатысушыларына Атыраудағы NIS психологтары достықты арттыруға арналған түрлі қызықты ойындар өткізді.
Одан әрі қонақ оқушылар Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне барып, түрлі құнды тарихи туындылармен, көз тартарлық көркем суреттермен танысты. Әр сурет – тұнып тұрған тарих. Әсіресе, Ш.Сариевтің салған түрлі туындылары, портреттері оқушылардың ерекше назарына ілікті.
Ал, кешкісін дәстүрлі жобаның салтанатты ашылу рәсімі болды. Онда мектептің талантты оқушылары мен қонақ өнерпаздар әуезді ән, күмбірлі күй, әсем биден шашу шашты.
Кешкі концерттен кейін оқушылар арнайы жиналған 1000 асықтан қоржын жасау ісіне белсене кірісе кетті. Олар біріге дайындаған әсем бұйым жуық арада дайын болмақ.
Дәстүрлі жоба қызықтары мұнымен бітпейді. Алда оқушыларды небір танымдық саяхаттар, рухани іс-шаралар тосып тұр.