Жаңалықтар
Құнды жәдігерлердің сырына бойлады
13 маусым 2025 09:08
“ТЕТ-2025” қатысушылары Ғ. Сланов атындағы облыстық кітапханаға барды. Кітап қорына бай мекеме ұжымы экспедиция мүшелерін ерекше көңіл-күймен қарсылап алып, “quiz” ойынын өткізді. Оқушылар түрлі интеллектуалдық сауалдарға жауап іздеп, ой-өрістерін кеңейтті.
Одан арғы сапар Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалғасты. Мұнда оқушылар өңір тарихына бойлап, ерекшеліктеріне қанығып, құнды жәдігерлермен танысты.