logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушылар «Ембімұнайгаз» АҚ-на арнайы барды

14 маусым 2025 11:22

«Ембімұнайгаз» АҚ – геологиялық барлау жұмыстарын белсене жүргізіп, кен алаңдарын игеруде өндіріске жаңа технологияларды батыл енгізе білген, мұнай мен газды өндіріп, дайындайтын заманауи мұнай компаниясы.

Оқушылар саяхаттаған компанияның Интерактивті музейі 2015 жылы ашылды. Музейдің құндылығы – отандық компанияның қалыптасуы, дамуы аудиовизуалды элементтер арқылы көрініс тапқан. Музей 12 бөлімнен тұрады. Мұнда Ембі өндірісінің қалыптасуы, ғылыми экспедициялардың басталуы, геологиялық-барлау жұмыстарының өріс алуы, сонымен қатар, қазіргі жаңалықтары мен мұнайшылар әулеттері туралы т.б. мәліметтер жинақталған. Бір мезетте-ақ осыншама тың ақпаратқа қанық болған оқушылар шынайы алғыстарын жеткізді.

Әрі қарайғы меже – Атырау қалалық білім бөлімінің «Абай атындағы оқушылар орталығы» болатын. Нағыз заманауи талаптарға сай салынған кең әрі жарық мекеме бүгінде негізгі 6 бағыт бойынша қала оқушыларына тегін қызмет етеді. Мұнда оқушылардың дамуына барлық жағдай жасалған. Қатысушыларға әсіресе батыс өңірінде тапшы боп келетін көркем гимнастика үйірмесі қатысушыларының өнері ерекше ұнады. Ал, үлкен бассейннің жөні тіптен бөлек. Оқушыларға берілген бұл мүмкіндік олардың жарқын болашақтарының іргетасы боп қаланары сөзсіз.

Қазақстандағы мезозой кезеңінің жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқанын білдіңіз бе? Қонақ оқушыларға бұл тосын жаңалық болды. Мұражай үлкен емес, экспозиция екі бөлмені алып жатыр, дегенмен осында жиналған экспонаттардың бірегейлігіне әлемдегі көптеген мұражайлар қызыға алады. Мұражайдың барлық экспонаттары төлтума, олардың көбісі Атырау облысында табылған. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі – оның экспозициясын жалғыз адам – өлкетанушы-палеонтолог Юрий Александрович Пастухов жинаған. Небір нағыз түпнұсқа жәдігерлерді өз көздерімен көрген қатысушылар дән разы.

Одан арғы шаралар легі жатақханада және акт залында жалғасты. Түрлі танымдық ойындар, сауық кештері, жанға жайлы ән кеші ұймдастырылды. Ал, ертең оқушылар Индер ауданындағы Түздыкөлге аттанбақ.