logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Амир – әлем чемпионы

01 тамыз 2025 12:14

Атыраудағы NIS оқушысы Амир Умаев таэквондодан ерлер мен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында бой түзеп, алтын медальді қанжығалады.

Спорттық дода Біріккен Абар Әмірлігінің Әл-Айн қаласында өткен болатын. Оған 25 елден 1000-ға жуық спортшы қатысқан.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке еніп, әлемнің мықты командалары қатарынан көрінді.

40 кг салмақ дәрежесінде ойын көрсетіп, бақталастарынан басым түскен Амирді әлем чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймыз!