Жаңалықтар
Тренинг сәтті өтуде
14 тамыз 2025 21:23
Атыраудағы NIS-те «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы
жұмыскерлерінің катысумен математика және физика пәндері бойынша мектеп педагогтеріне арналған тренинг ұйымдастырылды.
Басты мақсат – «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдары педагогтерін үздіксіз кәсіби дамыту мен 2025-2026 оқу жылына сапалы дайындыкты қатамасыз ету, сондай-ақ, NIS-Programme білім беру бағдарламасын тимді іске асыру.
Физика пәні бойынша өткен тренингті мектеп директоры Ерали Бижанов өз алғысөзімен ашып, одан әрі тізгінді «Білім беру бағдарламалары орталығының» аға менеджері Бекхожаев Саидқожа Орынхожаұлы алды. Алдымен 3 күндік семинар-тренинг бағдарламасына шолу жасалып, негізгі спикерлер таныстырылды. Кейін 7-12 сынып оқу бағдарламаларын қайта қарастыру мәселесі алға тартылып, мұғалімдер бағдарламаға өз өзгерістерін енгізу бойынша өз ұсыныстарын тастап, ол құпталды.