logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Карим Назаров – әлемдегі үздік үштік сапында

15 тамыз 2025 09:55

Атыраудағы NIS оқушысы Карим Назаров халықаралық аренада зор жетістікке қол жеткізді.

Жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің Аль Айн қаласында AJP тұжырымы бойынша Grappling World Championship жарысы өткен болатын. Аталған байрақты додада ол 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Бұл жеңіс – жас спортшының қажырлы еңбегінің, ерік-жігерінің нәтижесі. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мықты қарсыластармен белдесіп, ел намысын абыроймен қорғаған Карим – атыраулық жас өрендердің спорттағы әлеуетін дәлелдегендей.

Жас чемпионға жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!