logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары Үндістанда өткен халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

23 тамыз 2025 14:15

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Үндістанның Мумбай қаласында өткен 18-ші Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасында (IOAA) жүлделі орындарға ие болды.

Атыраудағы NIS оқушысы Батырхан Шеруен мен Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS оқушысы Азамат Айтмұратов қос қола медаль жеңіп алды. Ал Астана қаласы Нұра ауданындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Дамир Құрман Құрмет грамотасымен марапатталды.

Биыл олимпиадаға әлемнің 64 елінен 270-ке жуық оқушы жиналып, теориялық тур, бақылау және деректерді талдау (Observation & Data Analysis), сондай-ақ командалық жарыс секілді төрт негізгі кезеңде бақ сынады.

Айта кетейік, Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы – жоғары сынып оқушыларына арналған ең беделді ғылыми жарыстардың бірі ретінде кеңінен танымал. Ол болашақ ғалымдар мен зерттеушілерді қолдап, олардың әлемдік деңгейде білімін шыңдауына мүмкіндік береді.