logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Құндылықтар – білім берудің қозғаушы күші: қазіргі мұғалім нені және қалай үйретеді»

25 тамыз 2025 10:01

Өскемен қаласында болған дәстүрлі NIS тамыз конференциясы биыл осы тақырыпты арқау етіп, тереңіне толыққанды тоқталды. Атыраудағы NIS ұстаздары бұл маңызды шараға онлайн форматта қосылып, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Екі күн бойы конференция барысында құндылықтарға негізделген оқытуды және әлеуметтік-эмоциялық білімді кіріктіруді үйрететін шеберлік сағаттары да өтті.

Сонымен қатар мұғалімдердің тәжірибесін таныстыратын TEDx NIS сессиясы, білім беру саласындағы өзекті тақырыптарға арналған пленарлық жиындар ұйывмдастырылды.

Бұған қоса мектеп басшылары үшін интерактивті алаңдар, кәсіби даму кездесулері және жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізудің жаңа бағыттары да тілге тиек етілді.

Онлайн қатысқан ұжым мүшелері тақырыпқа сай өз кейстары мен орамды ойталқыларын ортаға салды. Тамыз кеңесінен түйген тың ойлар ұстаздарға жаңа оқу жылында жаңа серпін бермек.