logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Бейімдеу апталығы» жалғасуда

26 тамыз 2025 10:00

Атыраудағы NIS-те дәстүрлі «Бейімдеу апталығы» басталды. Бұл апталық ең алдымен 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін маңызды кезең саналады. Себебі жас зияткерлер жаңа ортаға қадам басып, мектептің ішкі тәртібімен, құндылықтарымен және оқу ерекшеліктерімен танысады.

Аптаның алғашқы күні сәтті өтті. Оқушылар мектептің ішкі ережелерімен, оқу кабинеттерімен танысып, сынып жетекшілерімен кездесті. Интерактивті ойындар мен алғашқы танысу жаттығулары олардың бір-бірімен тез тіл табысуына ықпал етті. Алдағы күндері психологиялық тренингтер, шығармашылық тапсырмалар, сондай-ақ күн соңында рефлексия жасау жоспарланған.

Бейімдеу апталығы – оқушылардың жаңа ортаға сенімді қадам жасап, мектеп мәдениетіне сіңісуіне жол ашатын маңызды кезең. Жас зияткерлер үшін бұл апта жаңа достар тауып, мектеп өміріне қызығушылықпен араласуға үлкен мүмкіндік болмақ.