Жаңалықтар
IT-идеяларды қолдау – басты назарда
04 қыркүйек 2025 17:17
Атыраудағы NIS-ке Atyrau IT Hub алаңының өкілдері арнайы келіп, оқушылармен жүздесті. Олар өздерінің басты миссиясы – Атырау облысында технологиялық экожүйені дамыту, IT-білімді қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну жайлы әңгімеледі.
Қазіргі уақытта орталықта «Startup Orda» атты тегін инкубациялық бағдарлама іске асуда. Ол IT-идеясы немесе жобасы бар жастарға арналған. Қатысушылар менторлық қолдау алып, workshop-тарға қатысып, тәжірибелі сарапшылардан кеңес ала алады.
Қос мекеме арасындағы қызметтік байланыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.