logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ата-аналар жиыны өтті

05 қыркүйек 2025 14:12

Атыраудағы NIS -те биыл табалдырықты алғаш аттаған 7-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – мектеп өмірімен, білім беру ерекшеліктерімен және оқу үдерісінің талаптарымен ата-аналарды жан-жақты таныстыру. Жиналыс барысында мектеп ұжымы жаңа оқу жылының жоспарларын таныстырып, ақпараттармен бөлісті.

Ата-аналар мектептің тәрбие жүйесі, бағалау форматы мен оқушылардың қосымша үйірмелерге қатысу мүмкіндіктері жайында сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

Бұл жиын – ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, жас жеткіншектердің білім мен тәрбие жолына сенімді қадам басуына бағытталған маңызды шара болғаны сөзсіз.