Жаңалықтар
Зияткерлер Азия жазғы лагеріне жолдама алды
11 қыркүйек 2025 09:10
Атыраудағы NIS оқушылары Халықаралық деңгейдегі беделді білім бәйгесінде ерекше жетістікке қол жеткізді.
Австралия корольдік химия институты ұйымдастырған халықаралық химия олимпиадасына 21 ел мен аймақтың үздік оқушылары қатысты. Байқау тапсырмалары жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған 30 күрделі сұрақтан құралды.
Мектеп оқушылары аталған байқауға алғаш рет қатысса да үлкен табандылық пен білім нәтижесін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаз атанып, 2026 жылы Қытайда өтетін Asia Summer Camp жазғы лагеріне шақыру алған оқушылар:
Нұрқайрат Өтеулі
Дамир Булатов
Зурияд Жаймағанбет
Бексұлтан Балғымбаев
Рашит Қанатұлы Мақсот
Хадиша Мендіғалиева
Шұғыла Қалияхмет
Әлия Әбуссагитова
Нұрай Ессенжанова
Диана Мұханбетқали
Ермұхаммед Ерлік
Мәдина Мәлік-Шапағат
Мадияр Идірғали
Нұржамал Егисбек
Іңкәр Қуантай
Мәдина Даут
Нурия Шпанова
Бұл – мектеп тарихындағы үлкен жетістік әрі баршамыздың ортақ қуанышымыз! Оқушыларды, ұстаздарын және ата-аналарды осы айтулы жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!