Жаңалықтар
«Алатау» шаңырағының оқушылары «Нұрлы тал» этно-паркіне барды
16 қыркүйек 2025 11:28
NIS Атырау мектебінің «Алатау» шаңырағының оқушылары ата-аналарымен бірге Отбасы күніне орай «Нұрлы тал» этно-паркіне барды. Оқушылар мен ата-аналар таза ауада көңіл сергітіп, көне жәдігерлер сақталған мұражайға экскурсия жасады.
Этно-парк жетекшісі Гүлжан Тұрғанқызы оқушылар мен ата-аналарды жылы қарсы алып, қазақтың салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары мен мәдени мұрасы туралы сыр шертті. Атап айтқанда көшпелі қазақ тұрмысындағы бұйымдар, қол-өнер шеберлерінің туындылары оқушыларға қызық болды.
Балалар бір сәт телефон мен ғаламтордан алыстап, бабалардың жүріп өткен жолымен тың деректерге қанықты. Әсіресе дала аңыздары, қазақтың киіз үйінің құрлысы, ескі атаулар мен әңгімелер ата-аналар мен оқушылардың бірге уақыт өткізуіне мұрындық болды.
Кейін «Алатау» шаңырағының оқушылары дәмді дастарханда бас қосып, қызықты викторинада зияткерлік шеберліктерін байқатты.