logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жоғары сынып оқушыларымен жүздесу өтті

17 қыркүйек 2025 10:16

Атыраудағы NIS-те жоғары сынып оқушыларымен маңызды кездесу өтті. Жиынды мектеп директоры Ерали Қыдырбайұлы ашып, оқушыларға кездесудің мақсаты мен маңызын түсіндірді. Ол өз сөзінде тәжірибесінен алынған нақты мысалдарды келтіре отырып, шәкірттерге құнды кеңестер берді.

Жүздесу барысында оқушыларға мамандық таңдау мен болашақ бағыт-бағдарын айқындау жолдары, мектептегі маңызды емтихандардың ерекшеліктері, олардың шарттары мен тапсырылу тәртібі жайлы кеңінен ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ кәсіби бағдар беру жүйесі, IELTS және SAT емтихандары туралы да жан-жақты түсінік берілді.

Оқушылар еркін форматта сұрақ қойып, өздерін толғандырған мәселелерге толыққанды, тұшымды жауап алды. Кездесу оқушылар үшін маңызды әрі пайдалы тәжірибе болып, олардың болашаққа деген сенімін нығайта түсті.